Біздің балабақшада «Бала жүрегінің бағбаны- Ұстазға мың алғыс » атты салтанатты мерекелік шара болып өтті.
Мерекелік жиынның шымылдығын балабақша басшымыз Индира Дабылқызы ашып, ұжымды шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, сүйікті балабақшамыздың дамуына үлес қосып жүрген еңбекқор, шығармашыл, өз ісінің шеберлері — үздік педагогтарымызды арнайы марапаттармен марапаттады!
Мерекелік бағдарлама әрі қарай қызықты сәттерге ұласты:
Психолог тренингі: Мұғалімдердің көңіл-күйін көтеріп, бірлік пен позитив сыйлаған ерекше психологиялық ойын-тренинг ұйымдастырылды.
Кішкентай өнерпаздар концерті: Мектепке дейінгі бүлдіршіндеріміз апайларына арнап тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұстаз болу — жүрек жылуын балаға арнау! Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!