Бүгін балабақшамызда ата-аналармен ашық, әрі өте мазмұнды кездесу өтті!
Баланың жарқын болашағы мен дұрыс дамуы — тек балабақшаның емес, отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығында. Осы мақсатта өткен жиналысымызда маңызды тақырыптар қозғалды:
Балабақша директоры мен әдіскері өз баяндамаларында тәрбие мен білімнің басты бағыттарын түсіндіріп, ата-аналарға ыңғайлы «5-ке дейін үлгер» қосымшасының мүмкіндіктерін таныстырды.
Логопед маманы бала тілінің дамуы, сөйлеу деңгейін жақсарту және үй жағдайында жасалатын жаттығулар төңірегінде құнды кеңестерімен бөлісті.
Психолог маманы ата-аналарға арнап ерекше психологиялық тренинг өткізіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоция сыйлады!
Кездесу соңында ата-аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, жүректеріне жылылық ұялап, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Бізге сенім артқан әрбір ата-анаға алғысымыз шексіз! Балаларымыздың болашағы бірге жарқын болғай!